Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
" №39 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балалар қауіпсіздігінің алдын алу, ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігі»
26
сентябрь
2023

«Балалар қауіпсіздігінің алдын алу, ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігі»

Бүгін № 39 жалпы білім беретін орта мектебінде «Балалар қауіпсіздігінің алдын алу, ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа мектеп инспекторы Г.А Кенжемуратова да қатысты. Жиналысты мектеп директоры М.Арынбаева ашты. 
Жиналыстың мақсаты:  Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмыстың жан-жақты болуы. Ата-аналарға балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігінің маңызды екенін түсіндіру болды. 
Иә, бала – сіздің көзіңіздің нұры, көңіліңіздің қуанышы! Дүниенің бар алтынына айырбастамайтын қымбатыңыз! Біздің көңіліміз балада болғанымен, баланың көңілі далада екені рас. Бала болған соң ойнайды. Білуге құштар болып, әр нәрсені бір түртетіні де әу бастан белгілі. Алайда жаза деген аяқасты. Балаларды қайғылы оқиғалардан қорғау үшін қарапайым ережелерді жадыңызда ұстау артықтық етпейді.
Құрметті ата-ана, балаларыңызды жолда қараусыз қалдырмаңыз, жолда жүру ережесін сақтауда балаларыңызға үлгі болыңыздар. Бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық