Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
" №39 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Нургазиева Гульфайра Нурмухановна
01
сентябрь
2020

Нургазиева Гульфайра Нурмухановна

Талғар ауданы, Еңбекші ауылы, №39 жалпы білім беретін орта мектеп директоры Нургазиева Гульфайра  Нурмухановна 1974 жылы 19 қыркүйекте Алматы облысы Кеген ауданы Жылысай ауылында дүниеге келдім. 1981 жылы Бестөбе орта мектебінің 1-сыныбына оқуға барып, 1991 жылы М.Горький атындағы орта мектепте 11- сыныпты бітіріп шықтым. 

Әкем – Мешелов Нурмухан Нұрғазыұлы, 1948 жылы туған, мамандығы – құрылысшы. Анам - Бетеева Биша Балғабайқызы, 1954 жылы туған, үй шаруасындағы әйел.

       1993 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық институтына оқуға түсіп , 1998 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің (сол кезде аты солай аталды) филология факультетін бітіріп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алдым. Білімім- жоғары. 

       Еңбек жолымды 1992 жылы Бестөбе орта мектебінде педагог-ұйымдастырушы болып бастадым. 1993 жылдан 1999 жылға дейін Бестөбе орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім. 1999 жылдың 1 ақпанынан Талғар ауданы №26 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеп, 2000 жылдың 1 қыркүйегінен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2002 жылдың 1 қыркүйегінен  оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2003 жылдың мамыр айынан 2004 жылдың қаңтарына дейін мектеп директорының міндетін атқарушы болып жұмыс істедім. 

       2004 жылдың 13 қаңтарынан Талғар қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы №5 орта мектеп директоры, 2008 жылдың 2 қыркүйегінен Еңбекші ауылындағы №39 орта мектеп директоры болып тағайындалдым.