Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
" №39 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Рухани уыз" жобасы аясындағы "Тұлғалар тағылымы" атты зерттеу жұмысы
26
февраль
2024

"Рухани уыз" жобасы аясындағы "Тұлғалар тағылымы" атты зерттеу жұмысы

Бүгін, Талғар ауданына қарасты Еңбекші ауылындағы №39 мектеп базасында «Рухани уыз» - мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным» тақырыбындағы жобаны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік емес оқыту мекемесі «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» директоры Қажиева Гүлнар Тоқайқызы мен «Шығармашылық шеберлікке баулу» орталығының тренері, педагогика ғылымдарының кандидаты Валиева Майра Валиевнаның қатысуымен «Тұлғалар тағылымы» атты сынып оқушылары арасында ата-анасы, арғы бабалары туралы шағын зерттеулер жүргізу. Тарихта ізі қалған, ауыл тарихында есімі алтын әріппен жазылған тұлғаларымыздың ерліктерін, еңбектерін оқушылардың назарына ұсыну мақсатында ұйымдастырылған жобаның тұсауы кесілді.
Жоба аясында ауылдан шыққан тұлғалар, ел мақтаныштары, қоғам қайраткерлері туралы материалдар жинақталып, «сөйлейтін қабырға» жасақталды.
Тарихта ізі қалған ата-бабаларының естеліктерін ұрпақтары сағынышпен еске алды.