Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
" №39 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР БҒМ «Дарын» РҒПО-ның 2021-2022 оқу жылына Абай атындағы мамандандырылған гимназия – интернатына 5 -6 сыныпқа оқуға құжаттар қабылдау бойынша ақпарат тек АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ үшін.
02
март
2021

ҚР БҒМ «Дарын» РҒПО-ның 2021-2022 оқу жылына Абай атындағы мамандандырылған гимназия – интернатына 5 -6 сыныпқа оқуға құжаттар қабылдау бойынша ақпарат тек АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ үшін.

⚜️⚜️⚜️
ҚР БҒМ «Дарын» РҒПО-ның 2021-2022 оқу жылына Абай атындағы мамандандырылған гимназия – интернатына 5 -6 сыныпқа оқуға құжаттар қабылдау бойынша ақпарат тек АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ үшін.
✏ Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау 2021 жылғы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында qabyldau.daryn.kz сайтында өтеді.
Сонымен бірге, баланың ата-анасы/заңды өкілі 2021 жылғы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Абай атындағы мамандандырылған гимназия – интернатына келіп тіркеуден өте алады.
📖 Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:
1) Баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
2) ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) үміткердің электрондық мекен-жайын көрсете отырып, үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
4) үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті (фотосуретке талаптар:).
* барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.

Конкурстық іріктеу 15-30 сәуір аралығында өткізіледі.
Өткізу формасы: тестілеу (офф-лайн).
Конкурс «Дарын» орталығының алдын-ала анықтаған тірек мектептерінің базасында өтеді.

📌 5-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 40- сұрақ:
Математика және логика -30 сұрақ
Оқу сауаттылығы – 10 сұрақ
5 - сыныпқа Тестілеуге бөлінген уақыт -60 минут

📌 6 - сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 60- сұрақ:
Математика және логика-35 сұрақ
Оқу сауаттылығы – 15 сұрақ
Қазақстан тарихы -10 сұрақ
Тестілеуге бөлінген уақыт -90 минут

Алматы облысының Абай атындағы мамандандырылған гимназия – интернатының мекен жайы :
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Чернышевский көшесі 43 үй
Байланыс телефондары:
Қабылдау бөлімі 8 7272 42 12 95
Жауапты тұлға: Мурзекенова Жанар Шынасыловна 87075337029