Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
" №39 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Біз біргеміз!» жалпы республикалық акциясы
01
апрель
2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Біз біргеміз!» жалпы республикалық акциясы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Біз біргеміз!» жалпы республикалық акциясы аясында «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары желісі бойынша халықтың әртүрлі топтарына әлеуметтік көмек көрсету қор құрылғанға дейін басталып кеткенін атап өтті. Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы карантин жарияланған қалалардағы жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету, оқушыларға қашықтан оқуға жағдай жасау, азық-түлік бағасының өспеуі «Nur Otan» партиясы мен облыс әкімдігінің тікелей бақылауында болатынын айтты.
Сонымен бірге «Nur Otan» партиясы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету үшін құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорына өзінің барлық ұйымдық ресурсын қайтарымсыз негізде ұсынды.
Біз де, "Nur Otan" партиясының мүшесі ретінде, барша Қазақстандықтарды Елбасының үндеуін қолдауға және бір-бірімізге қолдау көрсетіп, бірлікте болуға шақырамыз.